Қанжар - М-К. А. Тузелбаев
0/0

Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Уважаемые читатели!
Тут можно читать бесплатно Қанжар - М-К. А. Тузелбаев. Жанр: Боевая фантастика / Космическая фантастика. Так же Вы можете читать полную версию (весь текст) онлайн книги без регистрации и SMS на сайте Knigi-online.info (книги онлайн) или прочесть краткое содержание, описание, предисловие (аннотацию) от автора и ознакомиться с отзывами (комментариями) о произведении.
Описание онлайн-книги Қанжар - М-К. А. Тузелбаев:
2001 жылы 21–ші қаңтар күні Жер ғаламшарына келімсектер келді. Ол кезде біз үшін келімсектердің кім екені де, олардың қай ғаламшардан келгені де белгісіз болды. Адамзат үшін өзге ғаламшарлық қонақтардың тілі, технологиясы, немесе өркениеті белгісіз болған. Бірақ біз үшін анық ақиқат: жатғаламшарлықтардың қару-жарағы бізге қарағанда әлде қайда дамыған, екіншіден, олар оны бізге қарсы қолдана алады және қолданды. Сол жылы жер жүзінде болмаған ең үлкен және ең қанды соғыс болды. Егер бұған дейін адамдар адамдармен соғысса, бұл жолы қанды шайқаста құру алдында тұрғандықтан бүкіл халық ортақ жаумен шайқас үшін бір жұдырық жұмыла жұмыс жасасты.Соғыстан кейінгі жылдарда тіпті егер алғашқыда қарағанда одақта тату тәтті өмір сүрсек те, «Жер» тұрғындары жатғаламшарлық шабылшыларға қарсы жасырын қарсылық күштері олардың әлсіз жерлерін тауып күшті соққы беруге деген талпыныстарын бір мезетке де тоқтатқан жоқ болатын. Осындай қарсылық күштерінің ішіндегі топтарының біреуі«Қанжар» деген атауға ие.
Читем онлайн Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Бекнұр егжей – түкжейлі тексерген болатын.

– Солайы солай ғой, алайда …

– Саған тезірек өз – өзіңді кешіре алуыңды тілеймін. – кім не айтса, ол өзін әлі де кешірмеген болатын.

– Жарайды. Мен бірінші болып кеттім. – әлі де ол туралы біреумен сөйлесу оған ауыр тиеді екен.

Бекнұр астына қарай баратын басталдаққа қарай кетті. Барлық дәлелдер шынымен өліп қалды деп тұрса да, маған бәрі бір олай емес сияқты.

Жиырма алтыншы бөлім: Жаңалық

Соғыс бітті. Біздер енді ғаламшардың қахармандарына айналдық. Біздер қазір қорғаныстың жеке вилласындамыз. Я, қазір біздер лайықты демалыстамыз. Бүкіл әлем біздің жеңісімізді құттықтап жатыр. Ал бізге ертең арамыздағы біреуімізді жерлеу керек. Ешқайсысымыз арамыздан бірінші болып ол кетеді деп ойламағанбыз.

– Сен не туралы ойланып отырсың? – артымнан маған таныс дауыс естілді.

– Ертеңгі садақа туралы ойланып отырмын. – тіпті артқа қарамастан дауыстың иесін кім екенін айтып бере аламын. Ол – Вероника.

– Біздер екеуіміз туралы қашан айтамыз? – мойнындағы алқаға ілінген сақинаны сасағында кішкене айналдырып тұрды да, қайтадан төсіне тығып қойды.

– Жердеуден кейін айтайық. – ия, біздің бұйырса үйленеміз деген ойымыз бар. Бірақ ол туралы дәл қазір айту екеуіміз үшін де ыңғайсыздау.

– Жарайды. Мен бірінші болып барамын. Ал сен меннен кейін біраздан соң шық. Жарайды ма?

– Лу Хао. Сен нені іздеп жатырсың? Бәрі асында жиналып жатыр. Кешігіп қалма. – кетіп бара жатырып Вероника баспалдақтан оң жақта тұрған бөлмеге қарап, Лу Хаоны шақырып тұрған. Біраз уақыттан сон Лу Хаоның өзі де шыққан, бірақ оның түрі де, жүрісі де басқа жақта екендігін көрсетумен болды. Тіпті, баспалдақта сүрініп қалуға шақ қалған.

Жиырма жетінші бөлім: Қоштасу

Қылтимадан Лу Хаоны байқадым. Ол біреуді іздегендей болды. Мүмкін ол менің тірі қалғанымды білетін шығар. Тіпті егер білмейтін болса да, сезгені анық.

Егер Майманов болмаса онда менің тірі екендігім айқын болар еді. Ол маған, мен оған. Көмекке көмек демекші. Ол маған елес болуға, ал мен оған ол үшін кейбір қара жұмыстарды атқаруға көмектесемін.

Оң қолымның орнына биокибернетикалық имплант (былайша айтқанда ең соңғы технология сөзі деп айтуға болады) қойдырып берді. Егер ол болмаса маған жұмысымды дұрыс атқару қиынға соғар еді.

Я. Итті айтсаң құйрығы көрінер деген сөз бекерден бекер айтылмаған екен.

– Ия, алло? Жақсы. Я, нақты координаттары келді. Жақсы. Жоқ, керек болады деп ойламаймын. Жолда оқып аламын. Байланыс аяқталды.

Соғыс аяқталды. Бірақ біреуге одан кейінгі былықты реттеу керек.

СОҢЫ

(Келесі кітаптарымды author.today сайтынан іздеңдер)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
На этой странице вы можете бесплатно читать книгу Қанжар - М-К. А. Тузелбаев бесплатно.

Оставить комментарий

Рейтинговые книги