Қанжар - М-К. А. Тузелбаев
0/0

Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Уважаемые читатели!
Тут можно читать бесплатно Қанжар - М-К. А. Тузелбаев. Жанр: Боевая фантастика / Космическая фантастика. Так же Вы можете читать полную версию (весь текст) онлайн книги без регистрации и SMS на сайте Knigi-online.info (книги онлайн) или прочесть краткое содержание, описание, предисловие (аннотацию) от автора и ознакомиться с отзывами (комментариями) о произведении.
Описание онлайн-книги Қанжар - М-К. А. Тузелбаев:
2001 жылы 21–ші қаңтар күні Жер ғаламшарына келімсектер келді. Ол кезде біз үшін келімсектердің кім екені де, олардың қай ғаламшардан келгені де белгісіз болды. Адамзат үшін өзге ғаламшарлық қонақтардың тілі, технологиясы, немесе өркениеті белгісіз болған. Бірақ біз үшін анық ақиқат: жатғаламшарлықтардың қару-жарағы бізге қарағанда әлде қайда дамыған, екіншіден, олар оны бізге қарсы қолдана алады және қолданды. Сол жылы жер жүзінде болмаған ең үлкен және ең қанды соғыс болды. Егер бұған дейін адамдар адамдармен соғысса, бұл жолы қанды шайқаста құру алдында тұрғандықтан бүкіл халық ортақ жаумен шайқас үшін бір жұдырық жұмыла жұмыс жасасты.Соғыстан кейінгі жылдарда тіпті егер алғашқыда қарағанда одақта тату тәтті өмір сүрсек те, «Жер» тұрғындары жатғаламшарлық шабылшыларға қарсы жасырын қарсылық күштері олардың әлсіз жерлерін тауып күшті соққы беруге деген талпыныстарын бір мезетке де тоқтатқан жоқ болатын. Осындай қарсылық күштерінің ішіндегі топтарының біреуі«Қанжар» деген атауға ие.
Читем онлайн Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
көп.

– Кешірім сұраймын, жүк салғыштағы заттарымды поездға апаруға кім көмектесе көмектесе алады? – өздерің түсінгендей, көліктен түскен адам – Лу Хао.

Лу Хао барлық топтың ішіндегі жалғыз ресми түрдегі тірі мүшесі болғандықтан барлық байланыс, жүріп – тұру, және тағы да басқа күнделікті жұмыстарды тек сол ғана атқара алады. Егер орын ауыстыру керек болса Лу Хао өзінің жасырын «мамандығын», жазушы – саяхатшылықты қолданады, ал команданың қалған мүшесі «жүк» ретінде тасымалданады.

– Әрине. Бірақ алдын – ала ескертеміз, әрбір килограм жүк үшін 12 балл сұраймыз. Әрине, егер қосадқы ақы төлеймін десеңіз бәрін жоғары дәрежеде жасаймыз. – адамдардың ішінен алақ – жұлақ киінген жасы 45 – 50 жыл шамасындағы ер адам келді.

– Қажеті жоқ, жәй ғана апарып берсеңіз болды. – Лу Хао жүк тасушыға ақшасын беріп, есік жаққа қарай жол алды.

Жүк тасығыштардың ішінен бірнешеуі ұшып келді. Олардың барлығында орнатылған таразысы бар. Жүк салғыштан 2 және көліктің үстінгі секциясынан 3 саяхатқа арналған сөмке алынды. Бұндай көп жүктің болуын Лу Хао өзінің мамандығында қолданатын құралының көне дәрежелі жазба машинкасы (неге нақты сондай құрал деп сұраса ондай машинканы бұзып алуға болмайтындығымен түіндіреді) және барлық мағлұматтар мен жазбаша материалдардың қағаз бетінде болуымен түсіндіреді.

Кез – келген пунктерде сияқты олардың кіріп келген странцияда көптеген процесстер мен еңбек күштері автоматизацияланған. Кіре беріс есік өздігінен ашылды. Талондар мен билеттер автоматты түрде арнайы диваистардың көмегіен тексеріледі. Лу Хао өзінің электронды билетін скрибо арқылы тексертті. Бүгінгі таңда скрибо телефондар мен смартфондарды диваистық тақтан «ысырып» тастады.

Жүк тасығыштан заттарды механикалық қолдар конвейірдің үстіне қойды. Қазіргі таңда әрбір станциялар мен қақпаларда кіріп – шығатын адамдар мен олардың жүктерін тексеруші сканерлеуші аппараттар орнатылған. Осындай аппараттардан өздерін жасыру үшін жасырын соққы күштері металдарды арнайы технологияның көмегімен белгілі пропорциялармен біріктіру арқылы жаңа алдамшы құйманы ойлап тапқан болатын. Құйма сканерлеуші аппаратқа олардмен қапталған жол дорбаларының ішінде «жүктелген» заттардың бар екендігін көрсетеді.

Әдеттегідей бұл жолы да экранда жазба машинкасын, көптеген қаламдар мен дәптерлерді, әртүрлі ыдыс – аяқ және өзге де күнделікті өмірге қажетті заттардың өңі көрінді.

Әрине, бір адамға барлық адамдарды және аппаратуралар мен құралдарды бір рейспен тасымалдау мүмкін емес. Сол себепті әдетте тек команда мүшелерінің өздері ғана және ең керек деген заттар ғана өздеріен бірге алып жүреді.

Үшінші бөлім: Жолда

Талғар – Шілікті темір жолы; 57 – номірлі жолаушылар поездъі; Жүктер сақтайтын бөлімше;

– Ауу, кім бар? – вагонның қараңғы бұрышынан жуан дауысты адамның дауысы естілді.

– Аарх, Дәмиан, сен не, тотықұссың ба? Қалайша адамның жарты сағат бойы әрбір екі минут бойы бір сұрақты қайталап сұрай беретінін түсінсем бұйырмасын? – артынан жіңішке дауысты адамның дауысы естілді.

– Жәй ғана мен түсіне алмаймын, неге маған әрқашан мен тығылатын чемодан меннен 2 размер кіші.

– Себебі саған келгенде кез – келген чемодан 2 размерге кіші, ахаха. – ең үлкен сөмкеден Ардоның дауысы да естілді.

– Я, я, саған айту оңай, сен арамыздағы ең үлкен чемоданда жатырған жоқсың ба?!

– Доғарыңдар. Егер бізді ұстап алса, маған сенсеңдер болады, түрмеге дейін жетпейсіңдер. – Бекнұр егер бір айтса кесіп айтады.

Төртінші бөлім: Аялдама

Алматы облысы; Шілікті ауылы; № 52 – ші жалдамалы тұрғын үйі;

– Шыға берсеңдер болады. МИКМАК – ты қостым. – үйдің ішінде 4 саяхатқа арналған сөмкеге қарап отырған әйел адамның бейнесі көрінді.

– Хм – хм, егер ұмытып қалмасаң сыдырма сырттан ашылады! – әйел адамды қандай да бір сандыраққа санауға болар еді егер олардың ішінен жауап қайтпаса.

– Ой, ешқайсысың сыптырманы ішен аша алмайтындай айтасыңдар ғой. – өздерің түсінгендей осы үйдің жаңа тұрғындары – «Қанжар» қарсылық тобы.

Үйдің қараңғы бөлігінен зырылдаған дыбыс естілді, артынан 4 сөмкенің ішінен 3 ер және 1 әйел адам шықты. Үйдің ішін қараңғылық басып тұр. Сырттағы адамдар көріп қоймас үшін үйдің терезелерін жауып тастайтын.

Қазіргі таңда ең дамыған сала – тыңшылық саласы. Бүгінгі күні тұрғындарды аңду үшін түрлі – түрлі дивайстар бар: температуралық сканерлер; фото спектрометрлер; ренгендік көзілдіріктер және тағысын тағылар. Аталып кеткен МИКМАК (микро импульсті кванттық макро аудандық квазар сөзінің қысқартылған атауы) осындай құралдардың барлығының «көзіне» түспес үшін әдейі ойлап табылған қарсылық күштерінің жауабы. Егер дұрыстап қарасақ, онда әрқайсысының үстіндегі киімдерінде арнайы жасақталған микрочиптерді байқауға болады. МИКМАК белгілі – бір амплитудадағы толқын көзін генирациялайды. Топтың әрбір жасырын мүшесінің үсіндегі арнайы киімдер осы толқындардың көмегімен кез – келген дерлік электронды аппараттардан жасырына алады.

Жалдамалы үйде асханадан басқа тағы 3 бөлме бар. Жатын бөлменің есігі ашылды. Лу Хао жатын есіктен оң жақта тұрған жардағы шағын шкафтың үшінші сөресін ашты. Сөрені ашқандағы бірінші бейне – бүктеліп салынған сүлгілер. Лу Хао сөренің ішін ақтарып, көк сүлгінің арасынан 2 бүктелген қағазды тауып алды. Қағазды алған бойдан ол бірден әжетқанаға кіріп кетті. Қағаздың ішіндегісін оқығаннан кейін оны бірден өртеп, күлін ағызып жіберді.

– Егер шығып бара жатырсаң бүкіл алу керек заттардың тізімі мен беріп жіберу керек хаттама аяқ – киімге арналған сөренің үстінде тұр – есіктің сыртынан Вирониканың дауысы шықты.

Әжетхананың есігін ашып, 2 рет оңға бұрылып біраз жүрді. Қағазды алғаннан кейін аяғына қызыл туфлиді киіп шығып кетті.

Бесінші бөлім: Айырбастау

Алматы облысы; Шілікті ауылы; «Арман» шағын кафесі;

– 1 жасымық сорпасы, 2 құс еті қосылған самса, 1 сарымсақ қосылған нан, барлығы сіз айтқандай. Асыңыз дәмді болсын! – жасыл киім киген даяршы қыз бөлменің шетінде отырған қатаң киімдегі әйелге науамен тағамдар әкеліп берді.

– Рахмет! – өзге заттарға тиіспес бұрын ең алдымен самсадан ауыз тиіп, кейін қоңырау шырылдағанан кейін орнынан тұрып, қалған тамақты өзімен алып кету үшін арнайы ыдыс сұратып алды.

Бүгінгі күні кафеде барлығы күндегідей болды, тек егер соңғы тапсырысты есептеменде. Бұл тапсырыстың өзге тапсырыстардан ерекше болуы – оған тапсырыс берген Лу Хао. Қарсылық күштерінің өздерінің тыңшыларымен хабарласу үшін өздерінің әдістері бар. Мысалы: жасыл киімдегі тапсырысты әкеліп берген даяршы қыз шын мәнінде Айғаным атты жасырын тыңшы. Әлемде ол сияқтылардың кем дегенде мыңдағаны бар.

Қазіргі заманда кез – келген электронды хабар алмасу өте сенімсіз, тіпті, көзбе – көз сөйлесудің өзі де әңгіменің үшінші құлаққа жетпесіне кепілдік бола алмайды. Сондықтан «босатушылар» хабар алмасудың осындай әдіс ойлап тапты. «Қанжар» жаңа қалаға келме бұрын бұл қалаға «босатушылардың» адамы бірнеше апта алдын – ала келеді.

Даяршының әкелген тамағында «Қанжарға» арналған хаттама, ал науаның астында «босатушыларға» арналған хаттама бар.

Алтыншы бөлім: Хабарлама

– Сонымен, не деп жазған екен? – Ардо алдында отырған Лу Хаодан оқып отырған қағазында не деп жазылғандығын сұрады.

– Біздің ойлағанымыздай екен. 1 аптадан кейін жолға шығуға болады. Вироника, сен бәрін дұрыстап тексердің ғо, я?

– Маған сенсеңдер болады. Мен қашан сендердің сенімдеріңді растамаған едім?! – бөлменің арғы бетінен ашуланған дауыс естілді.

– Түсінемін, сен өз ісіңнің ең жақсы маманысың. Бірақ сақтанғанды құдай сақтайды деген сөз бар. – асханадан пышақтарын қайрап отырған Дэмианның дауысы шықты.

– Сендердің солай айтатындарыңды білген соң 2 күн бұрын бәрін тексеріп қойдым. Уайымдамаңдар, бәрі дұрыс жасап тұр. Олар тіпті біздің желіге кіргенімізді

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
На этой странице вы можете бесплатно читать книгу Қанжар - М-К. А. Тузелбаев бесплатно.

Оставить комментарий

Рейтинговые книги