Қанжар - М-К. А. Тузелбаев
0/0

Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Уважаемые читатели!
Тут можно читать бесплатно Қанжар - М-К. А. Тузелбаев. Жанр: Боевая фантастика / Космическая фантастика. Так же Вы можете читать полную версию (весь текст) онлайн книги без регистрации и SMS на сайте Knigi-online.info (книги онлайн) или прочесть краткое содержание, описание, предисловие (аннотацию) от автора и ознакомиться с отзывами (комментариями) о произведении.
Описание онлайн-книги Қанжар - М-К. А. Тузелбаев:
2001 жылы 21–ші қаңтар күні Жер ғаламшарына келімсектер келді. Ол кезде біз үшін келімсектердің кім екені де, олардың қай ғаламшардан келгені де белгісіз болды. Адамзат үшін өзге ғаламшарлық қонақтардың тілі, технологиясы, немесе өркениеті белгісіз болған. Бірақ біз үшін анық ақиқат: жатғаламшарлықтардың қару-жарағы бізге қарағанда әлде қайда дамыған, екіншіден, олар оны бізге қарсы қолдана алады және қолданды. Сол жылы жер жүзінде болмаған ең үлкен және ең қанды соғыс болды. Егер бұған дейін адамдар адамдармен соғысса, бұл жолы қанды шайқаста құру алдында тұрғандықтан бүкіл халық ортақ жаумен шайқас үшін бір жұдырық жұмыла жұмыс жасасты.Соғыстан кейінгі жылдарда тіпті егер алғашқыда қарағанда одақта тату тәтті өмір сүрсек те, «Жер» тұрғындары жатғаламшарлық шабылшыларға қарсы жасырын қарсылық күштері олардың әлсіз жерлерін тауып күшті соққы беруге деген талпыныстарын бір мезетке де тоқтатқан жоқ болатын. Осындай қарсылық күштерінің ішіндегі топтарының біреуі«Қанжар» деген атауға ие.
Читем онлайн Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
делигатцияда келімектердің тірі өкілі болуға міндетті. Оның тірі екенін тексеру үшін бірнеше сатыдан тұратын сынақтардан өту керек. Бұл сынақтар өзінің атқару керек міндеті бойынша әлі күнге дейін сәтсіздікке ұшырамады (кем дегенде сәтсіздікке ұшырағандылығы туралы білдірмеді).

Бұл сынақтар үш сатыдан тұрады:

Ең алдымен келісек «Қара қораптың» («Қара қорап» арнайы материалдан жасалған кубтық пішіндес құрылым) ішіне кіру керек. Теория жүзінде «Қара қорап» кез –келген сырттан келетін сигналдарды өткізбеу керек. Практика жүзінде де өткізбейді. Негізі «Қара қорап» тек адамдардың ғана құралдарының сигналдарын өткізбейді. Бірақ келімсектердің құралдарының да сигналдары өтпейтініне жүз пайыз кепілдік беру мүмкін емес, себебі олардың техникаларын қолданып эксперимент жасай алмайды.

Бірінші саты әрбір кездесу үшін әртүрлі болып жасалады.

Екінші сатыда арнайы пин код теріледі. Ол пин кодтың сандық комбинациялары да әрбір кездесу үшін өзгеріп отырады.

Үшінші сатыда жүргізілетін сынақ та белгісіз болып келеді. Бүкіл әлемде үшінші сатыда болатын сынақ туралы әрбір елде тек бір – бір адамнан ғана біле алады.

Кез – келген «Қара қораптың» ішіне үшінші сатысының орналасқандығын дәлелденбегенше оны іске жібермейді. «Қара қорапты» жатжерлік елші келерден 1 сағат бұрын әкеледі, және қатаң бақылауда ұстайды. Сынақтарды тек бір рет қана өтуге болады, содан кейін бірінші және үшінші сатыны қайттан орналастыруға тура келеді. Егер де сынақтардан адам, келімсек немесе өзге де тіршілік иелері өте алмайтын болса, онда «Қара қораптың» үстінгі сол жағындағы жасыл шам өшіп қалады (жасыл шамның өшіп қалуы «Қара қораптың» дұрыс жұмыс жасамауы немесе тоқсыз екендігі туралы да айтады). Ал егер өтпесе есік ашылмайды. Әрбір саты бірінен соң бірі тізбектеліп орындалады, және кері қайтуға болмайды. Егер де ішіне тірі жан кіріп, шыға алмайын болса, онда есікті екі жағынан да: не іштен, не сырттан ашуға болмайды, тек бұзып қана шығаруға болады.

«Қара қорапты» ойлап тапқан, жөндейтін, және үшінші сатыға арналған сынақты орнататын адамдарға «Инженер» деген атау берілген.

Бірінші сатыға арналған сынақты орнататын адамдарға «Механик» деген атау берілген.

«Қара қорапты» тасымалдайтын, елшінің кіргенін және шыққанын тексеретін, және жасыл шамның жанып тұрғанын тексеретін адамдарға «Бақылаушы» деген атау берілген.

Шын мәніне келгенде «Қара қорап» тек қана уақытша шара ретінде ғана қолдануда. Бүкіл әлемдегі ғалымдар келген елшінің шынымен тірі ағза екенің растайтын жабдықтың жаңасын ойлап табу үшін қарқынды жүмыс жасап жатыр (тіпті ол үшін арнайы жасырын зертхана да бар).

Осы жолы да жатжерліктердің өкілі қайтадан сынақтардан өтуіне тура келді. «Қара қораптың» өшемдері ұзындығы, ені және биіктігі сәйкесінше 3.70, 1.90 және 2.80 метр сәйкесінше.

Бірінші сатыда отыз түрлі суретті үш үштен он циклдан тұратын сынақ болатын. Бұл сынақтың негізгі мағынасы – шын және жасанды суреттердің ішінде қайсысы шынайы екенін табу керек болуында. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, тіпті қазіргі таңдағы дамыған жасанды интелект үшін егер ол осы суреттердің ішінде жалған суреттерді жиырма пайызға дұрыс табатын болса, онда ол үлкен жетістік болып саналады. Ал адамдар үшін бұл мән әдетте жетпіс – сексен пайызды құрайды.

Екінші сатыда белгілі цифрлардың қатарын теру керек болған. Цифрлардың мөлшері он сегізге тең. Әрбір цифрді теру үшін 5 секунд уақыт береді. Егер теріп үлгермесе, келесі сан көрсетіледі, содан кейін қайта кері теруге болмайды. Цифрлардың барынша рандомды болуы үшін квазибөлшекті қолданады. Он сегіз саннан тұратын кодтың болуы мүмкін комбинацияларының саны 6,402,373,705,728,000-ге тең. Бұл жасырын кодты білу мүмкіндігін болдырмауға арналған. Әрине, егер одан да артық қиындатуға болатын болса, онда инженерлер дәл солай жасар еді. Бірақ қазір ондай мүмкіндік туғыза алатын технология жоқ.

Үшінші садтыда болған сынақ туралы жоғарыда айтылғандай әрбір елде тек бір адам ғана біледі (экоухайдо – адам емес, сондықтан да бұл тұжырымды рас деп қабылдауға болады).

Бұл жолы бірінші сатыда шынайы суреттерді елші 89 пайызға дұрыс тапты.

Ал екінші сатыдағы сандардың комбинациясы келесідей болды: 822143155401640194.

Осындай сақтық шаралы үшін себеп жоқ емес. Осыдан 8 жылдам астам уақыт бұрын (келіссімшарт жазылмастан 6 ай бұрын) АҚШ президенті жателдік елшілермен кездесуде болған. Ол кезге дейін бірнеше ай бойы екі жақта да тыныштық орнай бастаған еді. Бұл кездесу АҚШ президенті үшін ең соңғы кездесу болды. Кездесуге келген экойхайдо елшісі емес, оның орнына іші жарылғыш затпен толтырылған андройд келген болатын. Содан кейін кез – келген екі түр арасындағы кездесудің барынша қауіпсіз өтуі үшін әртүрлі қадамдарға баратындығында ешқандай артықшылық жоқ. Оны екінші жақ та түсінеді.

Бірақ олар да өздерінің қауіпсіздігін ойлайды. Елші келмес бұрын барлық келісуге қатысулардың бар екені расталу керек болады. Әйтпесе кездесу туралы ұмытуға болады. Одан кейін кездесу орнына елшімен бірге жарылғыш чемодан келеді. Жарылғыш чемодан аспаннан ұшып келеді. Оған бірнеше себептер бар: ешқандай ел басшылары қалалардың ішіне осындай қауіпті заттың қала ішінде қажетінен артық болғанына жол бере алмайды; қонақтардың өзі де осындай өздерінің ондай қауіпті қаруының сыртта қажетінен арық болғанын қаламайды. Жерге жарылғыш қорапты арнайы зымыранмен алып келеді. Ол зымыран ғарыш орталықтарынан арнайы бағытпен ұшып келіп, кездесу болатын орынға тікелей қонады. Осы чемоданның негізгі ролі – егер де елші өзіне қандай да бір жағдайлар бойынша қауіп төнеді деп санаса, онда елші мен бірге 15 километр радиусты 6000 градусқа дейін қыздыру болып келеді.

Кездесу аяқталғаннан кейін зымыран өзінің “жүгімен” бірге қайта келген жолымен ұшып кетеді.

Оныншы бөлім: Қайту

Экоухака халқының елшісінің шаттлы жер бетінен шамамен алғанда 2.1 – 2.3 км қашықтықта ұшып өтеді, ал МИКМАК – тың сәулеленген импульсті толқынының (тіпті жолда туындауы мүмкін деген кедергілерді есептегеннің өзінде) шамамен 3 – 3.5 км қашықтыққа дейін жетеді.

Егер де Лу Хаоның сөмкесінің ішін қарайтын болсақ, онда оның ішінденде МИКМАК – тың (сонымен қатар өзге де ұсақ – тиек заттар да) бар екенін көруге болады. Көлік тұрағындағы көкшіл түстес құрастырылмалы – жалдамалы автокөлікің ішінде жатқан Вероника ойын – сауда орталығының сыртында орналасқан барлық бейнебақылаушы камералардың барлығын өз бақылауына алды. Егер дипломаттық шаттлды істен шығарылатын болса, онда бейнежазба арқылы шамамен қай жерге құлағандығын математикалық әдістермен есептеп тауып алуға болады.

Он бірінші бөлім: Тұрақта

– Жоғарыда, солтүстік – шығыс жақтан келе жатыр. Сенің отырған позицияңнан 11 сағат 38 минут горизонтал бойынша және 2 сағат 14 минут вертикал бойынша ұстап отыр. Саған команда бергенде атуға дайын отыр. – динамиктің арғы жағынан Верониканың дауысы шықты.

– Бас! – шамамен 2 секундтан кейін Верониканың дауысы қайта естілді.

Лу Хао МИКМАК – тың үстінгі – сол жағындағы пернелердің біреуін басып қалды. Дәл сол уақытта біраз уақытқа жарық шадары, салқындатқыштар, бірнеше лавкалар, өзгеде де ұсақ элект құрылғылары өшіп қалды. Сауда – ойын орталығының тоқ көзінің бас лейлиниялары өзге жерінде орналасқан, сондықтан да олар қайтадан жұмыс жасап кетті.

– Қап, алынған бейнежазба өте аз. Мен тек қана шамамен радиусы 1 км аумаұтағы ауданды ғана есептей аламын. – бейнежазбадағы шаттлдың көліктен шағылысқан бейнесінің бұрышын есептей отыра, Вероника оның құлауға мүмкін жерін есептеуге

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
На этой странице вы можете бесплатно читать книгу Қанжар - М-К. А. Тузелбаев бесплатно.

Оставить комментарий

Рейтинговые книги